Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қажылық пен умраны қатар орындаңдар. Өйткені темір, алтын және күмістің кірін көрік кетіргендей, қажылық пен ұмра кедейлік пен күнәларды жояды», – деген. Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен екі жыл бұрын бастау алған ұмра сапарының кезегі өз мәресіне жетті.
Осыған орай, қасиетті мекенге жол тартып, сүннет амалын орындауға ниет еткен жандарды шығарып салу салтанаты өтті. Қасиетті жерлерді зиярат етіп, құлшылықтарын атқарған барша жамағаттың ғибадаттары қабыл болғай. Қателік пен кемшіліктерімізді Алла Тағала баршамызға кешірсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

