Ауыл имамдары мен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Игі бастамалар аясында мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, тұрмыстық қажеттіліктері өтелуде.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Жақсылықта жарысыңдар. Қандай жақсылық жасасаңдар да, Алла оны толық біледі» («Бақара» сүресі, 148-аят) – деп, ізгі амалға үндейді. Сондай-ақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың слауаты мен сәлемі болсын):«Ең қайырлы адам – адамдарға пайдасы тигені» – деп, қоғамға қызмет етудің маңызын атап өткен.
Осы қағидаларды басшылыққа алған ауыл имамдары қайырымдылық арқылы ел ішінде мейірім мен ынтымақты арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді сауапты іс деп біледі.
Осы орайда Ақжол ауылының имамы Тайтелиев Нұрмұхаммедтің ұйытқы болуымен бір отбасыға қой табысталды. «Жарас ата» мешітінің имамы Коктал Мадияр бір балаға спорт киімі мен аяқ-киім сыйлады және «Ботбай баба» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбай екі балаға киім алып берді.
Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар өз жалғасын таба бермек.


22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

