«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Меркі ауданы, Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің имамы Алимбеков Дарханның ұйытқы болуымен мешіт асханасында айлық дастархан жайылды.
Жиын «Достық» мешітінің имамы Баурыжан Пирназовтың Құран оқуымен және «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікханның бата беруімен басталды. Ақ дастарханға аудан ауылдарының мешіт қызметкерлері мен жамағаттары қатысты.
Жиын барысында «Жақсымет ата» мешітінң имамы Қасымалиев Қыдырәлі сөз бастап, шариғатты тілге тиек етіп, тағылымды насихат айтты. Ауыл ақсақалдары да ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, ауыл имамына алғысын айтып жамағатты ауызбіршілікке шақырды.
Осы игі шараның басында жүрген, Ақермен ауылына келіп дәріс өткізіп жүрген Бауыржан имамға Қазақтың дәсүріне сай құрмет қылып иығына шапан жабылды.
Жиын соңында Алла Тағаладан Еліміздің, Жеріміздің амандығын сұрап, дұға жасалды
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

