Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Коктал Мадияр, ауыл тұрғындарының қал жағдайын білу мақсатында, ауылды аралап, кімнің қандай көмекке зәру екендігін зерделеп, қолынан келген көмегін аямай Ислам дінінің мерейін көтеріп жүрген имамдардың бірі.
Осы орайда ауыл имамы бір отбасыға қойды табыстап көмек көрсетті. Анамыздың ыстық ықыласына бөленіп, алғысын алды. Алла Тағала имам-молдаларымыздың амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

