Мешіт жанашырларының және кәсіпкер бауырлар мен жамағаттың қолдауымен Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің имамы Алимбеков Дарханға көлік табысталды.
Игі бастама Дархан имамның Ислам дін үшін, ел үшін 26 жылдан аса атқарып жатқан қызметін елеп, ескеріп және алдағы уақытта дін қызметкерінің ел ішіндегі рухани жұмыстарын жеңілдету, ауыл тұрғындарымен байланысын нығайту мақсатында жүзеге асты.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты имамның атқарып жүрген еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы қызметіне береке тіледі. Имам өз кезегінде көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғысын айтып, көлікті халық игілігі жолында пайдаланатынын жеткізді.
Бұл игі іс – ауылдағы ауызбіршілік пен дінге деген құрметтің айқын көрінісі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

