Бүгінгі таңда имамдық – үлкен жауапкершілік пен сабырды талап ететін қызмет. Осындай ауыр да абыройлы жолда адал еңбегімен танылған Қараой ауылының имамы Заттыбек Бағажбек ұзақ жылдар бойы ауыл халқының рухани тәрбиесіне, имандылық пен бірлікке жалақысыз, шынайы ықыласпен қызмет етіп келеді.
Осы ерен еңбегі ескеріліп, ауыл имамы «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – бір ғана азаматқа емес, тұтас ауыл руханиятына көрсетілген құрмет деп білеміз.
Руханият жолындағы адал қызметті назардан тыс қалдырмай, лайықты марапат ұсынғаны үшін аудан әкіміне және осы марапатқа ұсынып, қолдау білдірген ауыл әкіміне шынайы алғыс білдіреміз. Алла разы болсын, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге береке берсін!
Талас аудандық Қажы би мешітінің баспасөз қызметі


22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

