Бөлтірік шешен ауылындағы Әбубакр мешітінде жастар тәрбиесіне арналған тағылымды насихат өтті. Мешіт имамы Бақытжан Нұғманов жамағатқа «Елдің болашағы – білімді жастарда» тақырыбында уағыз айтып, білімнің қоғам дамуы мен ұлт келешегіндегі маңызын кеңінен түсіндірді.
Насихат барысында имам жастарды білім алуға, ізденіске ұмтылып, елдің өркендеуіне адал еңбекпен үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ, білім мен иманның қатар жүруі тұлғаның кемелденуіне жол ашатынын атап өтті.
Кездесу соңында жамағат тағылымды ойларымен бөліскен имамға ризашылық білдіріп, алғыстарын жеткізді.
"Әбубәкір" мешітінің баспасөз қызметі.


21 Маусым 2026
5 Мухаррам 1448

