Әбілхан қажы мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығына арналған тағылымды насихат айтылды. Мешіт имамы Хеурза Асанов жамағатқа асыл дініміз бен ата-бабадан мирас болған ұлттық салт-дәстүрдің өзара үйлесімі жөнінде терең мазмұнды уағыз жүргізді.
Насихат барысында имам ислам құндылықтарының қазақ халқының болмысымен біте қайнасқанын, дәстүр мен діннің егіз ұғым екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелер мектебі мен отбасылық өнегенің маңызы туралы ой қозғап, жас буынды имандылыққа, ізгілікке үндеді.
Тағылымды кездесуге қатысқан жамағат насихаттан рухани әсер алып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Әбілхан қажы мешітінің баспасөз қызметі.


19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

