Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақат ауылы «Сүлеймен» мешітінің имамы Азамат Барменұлы ауылда өткен «Арақсыз ауыл» атты жиынға қатысып, ауылдастарын арақтан толықтай бас тартуға шақырды. Сонымен қатар, ішімдіктерді ауыл дүкендерінде саттырмауға үндеді.
Азамат имам баяндамасында ішімдіктің зиянына тоқталып: «Ішімдік – рызық-несібенің берекесін кетіреді, қорлық пен бейшаралық, тапшылық, уайым мен қайғы-қасірет алып келеді. Арақтың мінез-құлыққа, қоғамға, рухани өмірге, қаржыға, денсаулыққа тигізер кесірі өте көп. Сондықтан шайтанның сусынынан өзіміз аулақ болып, өзгені де одан тоқтатуға тырысайық,- деп, сөзін қорытындылады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

