РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы Нұрболат Аманбайұлы Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық әкімдігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, «Мұсылманның сипаты» тақырыбында сөз қозғады.
«Мұсылман баласының мінез-құлқы дініміздің айнасы десек қателеспейміз. Өйткені, қоғам мұсылманға қарап дінге баға беретіні анық. Әлбетте, көркем Ислам діні пенденің қадір-қасиетімен бағаланбайды. Десе де, мүміннің көркем мінезі, келісті келбеті һәм әдемі әдебімен сипат алады», - деп атап өтті. Сондай-ақ әрбір дінді ұстанушы жан барынша адамгершілік, имани қасиеттерді жүрген жерінде өз әрекетімен келісті көрсете білуі тиіс екендігін түсіндірді жүздесу барысында Нұрболат Аманбайұлы.



07 Наурыз 2026
18 Рамадан 1447

