ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САРҚЫЛМАС САУАП

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САРҚЫЛМАС САУАП

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа "Уақып - сарқылмас сауап" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Бас имам уағызын қорытындылай келе: "Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дініміз бен дәстүріміздің жанашыр азаматтары өздеріне тиесілі ғимараттарды уақып жасап, сауапты іске үлес қосып келеді.

Осындай игі қадамның арқасында елімізде мешіттер мен медреселер бой көтерді. Айта кетер жайт, аталған қайырымдылық мекемелерінде еліміздің ертеңгі болашағы саналатын жас өрендер дініміздің, салт-дәстүріміздің асыл құндылықтарынан сусындап, діни һәм зайырлы білім алуда. Сонымен қатар оларды патриотизмге баулып, ғылыми жобалармен айналысуына барлық мүмкіндік жасалуда.

Білікті һәм тәжірибелі ұстаздар жас балаларға діни білім берумен қатар, оларды ғылыми ізденістерге баулып, жан-жақты білім нәрімен сусындатып келеді. Баланың болашағы үшін жасалған кез-келген сауапты іс – еліміздің өркендеуіне қосылған үлес деп айтар едім" деді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: