Жуалы ауданы, Ақбастау ауылында арнайы ауыл тұрғындарына құдайы ас берілді. Құдайы ас дастархагда ауыл молдасы Нұртаза Маратбекұлы көпшілік жамағатқа «Дін мен дәстүр» аясында- халқымыздың дәстүрінде кең тараған ырым – нәрестенің, сәбидің аузына түкіру.
Халқымыз ел арасында аты шыққан би-шешендер мен ақындарға, батырларға, аузы дуалы ақсақалдарға балаларын әкеліп, аузына түкіртетін болған. Мұндағы мақсат – сәби өскенде сол сияқты үлкен азамат болсын, солардың қасиеті жұқсын, өнегелі кісі болсын деген ниет.
Тіпті мұны ел арасында мақтаныш етіп айтатын да болған. Перзентінің болашағына үлкен үмітпен қарайтын ата-ана баласының «аузына түкірген» адамы туралы құлағына құйып, сол азаматтай үлгілі болу керектігін үнемі айтып отырған- деп уағыз-насихат айттып өтті. Ас соңында Құран оқылып, қариялар бата берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

