Жат ағымдардың ықпалына еріп кетуден сақтанудың ең басты жолы – діни сауаттылықты арттыру. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз» деп, білім алудың ер мен әйелге бірдей міндет екенін атап өткен.
Осы бағытта Қордай ауданының бас имамы Егізбаев Әлмұханбет Үлкен Сұлутөр ауылына іссапармен барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынның басында ауыл әкімі Бақыт Жарқынұлы бас имамды көпшілікке таныстырып, кездесудің маңыздылығына тоқталды.
Бас имам жиналған қауымға «Жат ағым» тақырыбында кеңінен түсінік беріп, жат идеологияның зиянын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы мәліметтермен бөлісті. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары игі басқосу үшін ризашылықтарын білдіріп, бас имамға ақ баталарын берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

