Жамбыл ауданы, Аса ауылы аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Діннен мақсат - тәрбие" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Дін – көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Діни тәрбие – адамның ішкі жан дүниесін тазартып, ізгілікті адам қалыптастыра отырып, дүниені тәрбиелеу арқылы рухани сауаттылыққа жетіп, мінез-құлқын түзеуге көмектеседі. Өз дінінің қадір-қасиетін сезбеген, елінің тарихынан бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы анық.
Қаншама ақын-жазушылардың, ғұлама-ғалымдардың қанатты сөздеріне қарасақ адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек екендігі айтылады. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы тиіс. Діни тәрбиені ұлттық тәрбиемен қатар сіңіріп, жастардың бойындағы отансүйгіштікпен дінде құнды саналатын асыл қасиеттерді қалыптастыруға негіз болып саналады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

