Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешіт жамағатына "Ысырапшылдықтан сақтан!" тақырыбында уағыз- насихат айтты.
Негізінен ысырап – иман, сөз және іс-әрекеттерде діннің, ақылдың немесе ғұрыптың белгілеген өлшемдерінің шегінен шығу немесе асыра сілтеу, қолдағы бар мүмкіндікті рұқсат етілмеген мақсатта жұмсап, шашуды білдіреді. Имам Ғазали «Мүмкіндіктерді діннің, ғұрыптың және адамзаттың қажеттілігіне керекті мөлшерде жұмсау – жомарттық, одан төменгі мөлшерде жұмсау – сараңдық, ал осы өлшемдерден асып кету – ысырап»,– деген екен. Сондықтан адам баласы қолындағы барлық мүмкіндіктерді Алла жолында, қоғамның қажеттілігіне жұмсаса, ысырапқа жатпайды. Осыған қатысты «Жақсылық жасауда ысырап жоқ, ал ысырапта ешқандай жақсылық жоқ» деген сөз қалған.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

