Жамбыл ауданы, Аса ауылы, аудандық "Бәйдібек" мешіті және "Сәтті қадам" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жамағат арасында гир тасын көтеруден және кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Гир тасын көтеруден 10 адам жарысып, кіші футболдан 3 команда ойнады. Гир тасын көтергендер арасынан бағы мен бабы келіскен 3 палуанға сыйлықтар мен диплом табысталды. Кіші футбол ойнаған командаларға да сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Спорт және дене шынықтыру белсенді әрі салауатты өмірдің салты. Жамағат арасында спорттық ойын түрлерін ұйымдастырудың басты мақсаты, ауызбіршілік, бір- бірін қолдау мен көмектесу секілді көркем мінезге баулу болып табылады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

