Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі – оның Жаратушы Алла Тағалаға деген құрметінің бір көрінісі. Сондықтан әрбір мұсылман мешітті жүрекпен жақсы көріп, оның әдебін сақтауға ұмтылуы тиіс.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылдық округіне қарасты Көктөбе елді мекенінде салынып жатқан намазхана құрылысымен ауданның бас имамы Егізбаев Әлмұханбет танысып қайтты.
Жамағаттың қолдауымен тұрғызылып жатқан сегіз қырлы бұл ғимараттың жанынан асхана да салынуда. Ел игілігі үшін бой көтеріп жатқан осы құрылыстарға атсалысып жүрген барша азаматтарға Алла разы болсын! Қайырымды істеріңіз сауаптан жазылып, Алланы еске алатын бас қосуларымыз көбейе берсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

