#Шу: «Төле би» мешітінде рухани басқосу өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде рухани басқосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының Әйел-қыздар секторы Төле би мешітінде жамағатты бір дастархан басына жинап, сыйластық пен тәлімге толы жиын өткізді. Жылы атмосферада өткен бұл басқосу бірлік пен рухани тәрбиенің маңызын айқындай түсті.

Шара барысында мешіт ұстаздары әйел жамағатқа білім алудың маңыздылығы, ілім арқылы адам болмысының кемелденуі жөнінде әсерлі уағыз-насихат айтты. Қатысушылар рухани құндылықтарға қатысты терең мазмұнды ойлармен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Жиынның көркін кіргізген – сұрақ-жауап ойындары. Ұйымдастырушылар діни білім, тәрбие және отбасылық құндылықтарға арналған сұрақтар қойып, белсенді қатысқан жамағатқа арнайы сыйлықтар табыс етті. Бұл жиналғандар үшін әрі пайдалы, әрі көңілді сәттерге толы болды.

Осындай игі бастамалар ауданында қоғамдық бірлікті нығайтып, әйелдер қауымының рухани дамуына үлкен үлес қосуда.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)