Шу өңіріндегі руханият ордасы – “Төле би” мешіті бүгінгі таңда игілікті істердің ортасына айналып отыр. Қазіргі таңда мешіт ауласында әйелдерге арналған дәретхана құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстың бастамашысы – мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен қолға алынған құрылыс жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
Жаңа нысан әйелдер жамағатының жайлылығы үшін жасалып отыр. Мешіт қызметкерлері құрылыс жұмыстары уақытында аяқталып, жамағат игілігіне берілетінін айтып отыр.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



25 Қараша 2025
4 Джумада-сани 1447

