#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінің наиб имамы ауыл әкімшілігінде дөңгелек үстел өткізді

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінің наиб имамы ауыл әкімшілігінде дөңгелек үстел өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мойынқұм» мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіхожаев ауыл әкімшілігінде жергілікті қызметкерлер мен жамағаттың қатысуымен тағылымды дөңгелек үстел өткізді. Жиынның негізгі тақырыбы – ғылым мен діннің өзара байланысы, олардың қоғам дамуына қосар үлесі жайында болды.

Дәріс барысында имам ғылымның адам өміріндегі маңызына тоқталып, діннің білім алуға, ізденуге және ақиқатқа ұмтылуға үндейтін тұстарын кеңінен түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, пайдалы ақпарат алды.

Бұл кездесу ауылдың рухани-ағартушылық өміріне серпін беріп, ауыл тұрғындарының білімге деген ынтасын арттыра түсті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: