#Талас ауданына РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл арнайы іс-сапармен келді

#Талас ауданына РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл арнайы іс-сапармен келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданына белгілі діни қайраткер, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Қанат Жұмағұл арнайы сапармен келіп, өңірдің жұртшылығына маңызды ақпарат пен пайымды уағыздарын насихаттады.

Бүгін аудан орталығында орналасқан Қаратау қажы би атындағы Орталық мешітте өткен жұма намазының уағызы, ел ішінде ізгілік пен руханиятты ұлықтауға бағытталған ой толғауларымен ерекшеленді. Сонымен қатар, Талас аудандық кітапханасында өткізілген жиында Қанат Жұмағұл жергілікті мәдениет және кітапхана қызметкерлерімен кездесіп, еліміздегі қазіргі діни ахуал, жастардың діни тәрбиесі, уақыттың құндылығы мен ұлттың болашағы жайлы кең көлемді баяндамасын ұсынды.

Қанат Жұмағұл ұстазымыздың уағызы қоғамның рухани қажеттіліктеріне жауап беретін құнды қадам болып, өңірдегі мәдениет саласы мамандары мен жастарға ерекше серпін берді.

Аудандық Қаратау Қажы би Орталық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: