«Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлының ұйытқы болуымен жүзеге асырылып келе жатқан «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында кезекті әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Бұл жолы мешіт жастарына «Бабалар ізімен» атты тағылымды кітап таныстырылып, бірлесе отырып оқылды.
Шара барысында мешіт ұстазы мен жастар кітаптағы тарихи деректерге, бабаларымыздың өнегелі жолына ерекше тоқталды. Қазақ халқының рухани мұрасын дәріптейтін бұл туынды жастар бойында отансүйгіштік сезімін арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Ұмытылған тұлғалар, елдік мүдде үшін қызмет еткен батырлар мен шешендердің өмір жолы талқыланды. Жастар кітап оқудың маңызын түсініп, алдағы уақытта да осындай рухани-танымдық басқосуларды жиі өткізуге ниет білдірді.
Мешіт ұжымы «Бір айда – бір кітап» жобасы арқылы жастардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани білімін арттыруды жалғастыра бермек.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

