Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» – деген хадисінде мұсылмандарды тазалыққа ерекше мән беруге үндеген. Мұсылманның ең абзал құлшылығы – намаз. Ал намаздың дұрыс болуы үшін адамның денесі, киімі және намаз оқитын жері таза болуы шарт.
Осы орайда Қордай ауданындағы, аудандық «Қордай»мешіті жанындағы сауат ашу курсы бөлмелері мен асханаға өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шәкірттерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұл шара қасиетті Рамазан айына дайындықтың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды. Баршамыздың амалдарымыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

