Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты имам-молдаларға жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында, мешіттегі дәріс, имамдық және уағыз мәселелеріне тоқталып, мешіттердің қыс мезгіліне дайындығы, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы мен имам-молдалардың киім үлгісі мен тәртібі сөз болды.
Аудан имамы Азамат Берікұлы имам-молдаларға бірқатар тапсырмалар беріп, қызметтерінде абырой-бедел тіледі.
Жиын соңында Еліміздің, жеріміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

