Дініміз – ислам – жастық шақтың қадірін ерекше бағалайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Қиямет күні Алла жеті топ адамды ешқандай көлеңке болмаған сәтте Өзінің Аршысының көлеңкесінде паналатады, (соның бірі) – жастық шағын Аллаға құлшылық етумен өткізген жас» – деп, жастық шақтың рухани тұрғыдан берік болуының маңыздылығын атап өткен.
Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан олардың сауатты, білімді, мықты әрі парасатты болуы ел болашағы үшін аса маңызды. Осыған байланысты жастармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу, дұрыс бағыт беру – үлкендерге жүктелген жауапты іс. Осы мақсатта Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Сәтжанұлы «Қордай ауылдық» мешітінде жұма уағызын өткізді.
Уағыз барысында ұстаз жастардың тәрбиесі, олардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі жөнінде сүбелі насихат айтты. Жамағат рухани әсер алып, уағызға ризашылықтарын білдірді. Баршамыздың ұрпағымыз білімді, саналы, елін-жерін сүйетін, ұлтшыл, намысшыл, иманды, салиқалы болып өссін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

