#Шу: Әйел-қыздар секторында қасиетті Құранға түскен шәкірттерге шара өтті

#Шу: Әйел-қыздар секторында қасиетті Құранға түскен шәкірттерге шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының «Жәми» мешітінде қуанышты әрі тағылымды шара өтті. Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен алғаш рет Құранға түскен шәкірттер толық Құран хатым түсіріп, арнайы дұға жасады.

Иман мен ізгілікке толы бұл басқосу жамағатқа ерекше рухани әсер сыйлады. Хатым дұғасында шәкірттер қасиетті Құран аяттарын мәнерлеп оқыды. Шара барысында қатысушылар үшін қызықты сұрақтар мен ойындар ұйымдастырылып, жамағат белсенділік танытты.

Бұл өз кезегінде мешіт пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, имандылыққа деген сүйіспеншілікті арттырды. Осындай игі бастамалар аудан өміріндегі рухани жаңғырудың жарқын көрінісіне айналуда.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: