Мойынқұм ауданының Бірлік ауылындағы «Бірлік» мешітінде имам Серік Смайлов ауыл жастарына арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында мәнді уағыз айтты.
Уағыз барысында имам халқымыздың бай салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара сабақтастығын түсіндіріп, имандылық пен адамгершіліктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға, ата-ананы құрметтеуге және қоғамда ізгілік орнатуға шақырды.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары уағыздан рухани әсер алып, имамға ризашылықтарын білдірді. Мұндай іс-шаралар ауыл жастарының рухани дүниетанымын кеңейтіп, бірлік пен татулықты нығайтуға ықпал етуде.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Қараша 2025
21 Джумада-авваль 1447

