ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңірге қарасты қала және аудан имамдарының қатысуымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлымен жиналыс өтті.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары имамдармен пікір алмасып, өңірдегі діни ахуал, жастар тәрбиесі және қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтау мәселелерін талқылады. Серік Жақсылықұлы дін қызметкерлерінің ел бірлігі мен татулықты нығайтудағы еңбегін атап өтіп, мемлекет пен дін саласының өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы сөз сөйлеп, дін саласындағы өзекті бағыттар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.

Асқар Зәкіржанұлы:

"ҚМДБ бүгінгі таңда өз қызметін төрт негізгі бағытта жүзеге асырып келеді. Олар — «Дін мен дәстүр», «Жат ағымдардан сақтану», «Ихсан және насихат» және «Діни оқу-ағарту» бағыттары. Осы салалар бойынша түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, қоғамның діни танымын арттыруға, имандылық құндылықтарын насихаттауға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар asyldin.kz сайты да тоқтамай жұмыс жүргізуде. MUNARA TV арнасына өңір бойынша бейнематериалдар түсіріліп, аталған төрт бағыттағы жұмыстар телеарна, сайт және әлеуметтік желілер арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр," — деп атап өтті.

Шараға Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков, Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов қатысты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: