«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ УАҚЫП ТУРАЛЫ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ УАҚЫП ТУРАЛЫ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде уақып ісіне арналған түсіндіру және насихат жұмыстары өтті. Шара барысында уақып қорына жауапты өкіл, мешіттің азаншысы Амангелді Дәулет жамағатқа уақыптың мәні мен маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Насихат барысында ол уақып ұғымының Ислам тарихындағы орны мен қоғам үшін маңызын түсіндіріп, қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асырып жатқан уақып жобаларына тоқталды.

«Уақып – сауапты істің бастауы. Бұл дәстүр ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ізгі амал. Уақып арқылы қоғамға, халыққа, дін жолына үлес қосуға мүмкіндік бар. Әрбір мұсылман шама-шарқынша қайырымдылық жасауға ұмтылуы тиіс», – деді  Дәулет Амангелді.

Кездесу соңында жамағат өкілдері уақып саласына қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: