ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының имамдары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өңір мешіттері мен елді мекендерінде кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, мешіт аулалары мен зираттар аумағын тазалау арқылы қоғамда экологиялық және рухани мәдениетті қалыптастыру.

Шара барысында имамдар мен мешіт жамағаты бірігіп, мешіттердің айналасын ретке келтіріп, ағаш егіп, зираттарда тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қорымдар қоршалып, ескі арамшөптер мен қалдықтардан тазартылды.

Жамбыл облыстық Мешіт істері меңгерушісі Халид Қожахметов бұл игі шараның мән-маңызына тоқталып:

«Тазалық – имандылықтың жартысы. Қоршаған ортаны таза ұстау – дініміздің басты қағидаларының бірі. Мешіттер мен зираттарда тазалық орнату арқылы біз жамағатқа үлгі көрсетеміз. Бұл бастама тек бір реттік іс емес, әрбір мұсылманның өмір салтына айналуы тиіс. Барша жамағатты туған жердің тазалығына үлес қосуға шақырамыз», – деді.

Тазалық жұмыстарына өңір имамдарымен бірге жастар және еріктілер де белсене қатысып, табиғатты аялау мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға өз үлестерін қосты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: