Тараз қаласында орналасқан Шейх Зуннун мешітінің аумағында сенбілік форматында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс - шараға мешіт жамағаты, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында мешіттің сыртқы аумағы мен айналасы қоқыстан тазартылып, шөптер шабылды, абаттандыру және көркейту шаралары атқарылды. Сонымен қатар, мешіт маңындағы жолдар мен автотұрақ аумағы да ретке келтірілді.
Шараның негізгі мақсаты - қасиетті орынның тазалығын сақтап, келушілерге жайлы және көрікті орта қалыптастыру, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру болды.
Шейх Зуннун мешітінің имамы тазалық шарасына қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, мұндай игі істердің тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.
«Мешіт - имандылықтың ордасы. Оның тазалығы - әрбір мұсылманның парызы. Қоғамда тазалық пен тәртіпті сақтау - адамгершіліктің көрінісі», -деді ол.
Жергілікті тұрғындар да бұл бастаманы жоғары бағалап, мұндай іс - шаралар қаланың жалпы экологиялық ахуалына оң әсер ететінін жеткізді.
Тазалық жұмыстарының нәтижесінде Шейх Зуннун мешіті маңы айтарлықтай көркейіп, жамағат пен қала қонақтары үшін одан әрі жайлы әрі тартымды ортаға айналды.



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

