Таразда «Діннің қоғамдағы орны» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Таразда «Діннің қоғамдағы орны» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жастар мен дін өкілдерінің қатысуымен «Діннің қоғамдағы орны» атты танымдық кездесу өтті. Іс - шараның мақсаты - жас ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейту, дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру, сонымен қатар жастарды адамгершілікке, ізгілікке және татулыққа шақыру болды.

   Кездесуге Сейдуаш ата мешітінің имамы Оразбаев Акбар және Иса Ахмет мешітінің наиб имамы Миразизов Нурматжан арнайы шақырылды. Қонақтар өз сөздерінде діннің қоғамдағы, әсіресе жастар өміріндегі маңыздылығына тоқталып, Ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімге негізделгенін атап өтті.

   Имамдар қатысушыларға дін мен дәстүрдің үндестігі, экстремизм мен радикализмнің алдын алу, рухани тәрбие мен отбасылық құндылықтардың мәні туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, қатысушыларға қазіргі қоғамдағы діни сауаттылықтың қажеттілігі жайлы нақты мысалдар келтірілді.

   Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Имамдар жастардың сұрақтарына нақты әрі түсінікті жауап беріп, діни білімді сенімді дереккөздерден алу маңызын түсіндірді.

   Іс - шара соңында қатысушылар діннің қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы рөлін ерекше атап өтіп, осындай кездесулердің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

   Мұндай рухани бағыттағы кездесулер жас буынның діни көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық болмыс пен дәстүрге деген құрметін арттыруға септігін тигізеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: