Шу ауданының «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен «Орамал – ұлттың ұяты» атты танымдық семинар өтті.
Шара барысында ұстаз қатысушыларға орамал тағудың маңыздылығы, қазақ халқының орамалдан алыстамаған рухани дәстүрі және әйел адамның кімнің алдында орамалсыз жүруіне болатыны жайында тағылымды ойлар айтты.
Семинардың мақсаты — ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, қазақ әйелінің инабаттылық бейнесін сақтау, ұрпақ санасына рухани тазалық пен ұят ұғымын қалыптастыру.
Әйел жамағаты өз сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауап алып, алғыстарын білдірді.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

