Аспара ауылы «Ыбырайым ата» мешітінде жамағатқа «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабынан насихат айтылды.
Насихат барысында мешіт имамы Серікбаев Дархан Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінің қоғамдағы орны мен оның Қазақ дәстүрімен сабақтастығы туралы баяндады.
Имам өз сөзінде ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрдің түп негізі Ислам құндылықтарымен тығыз байланыста екенін атап өтті. Жамағатқа хадистерден алынатын өнегелер мен ұлттық ғұрыптың үйлесімі жөнінде тағылымды насихат айтылды.
Шара соңында имам сүннетті ұстану – өз дәстүрімізді дәріптеу екенін атап өтіп, жамағатты ізгі амалға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

