Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының « MUFTIYAT баспасы» басылымдарын таныстыратын арнайы бұрыш ашылды. Бұл бастаманың мақсаты – жамағатқа діни, рухани және тәрбиелік мазмұндағы әдебиеттерді кеңінен насихаттау.
Жаңа бұрышта ҚМДБ шығарған кітаптар, журналдар мен оқу құралдары қойылып, келушілерге оқуға және сатып алуға мүмкіндік берілді. Имамдар мен ұстаздар жамағатты сапалы діни әдебиеттермен таныстырып, олардың мазмұны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мешіт ұжымы бұл игі істің халықтың діни сауатын арттыруға және дұрыс ақпарат көзін қалыптастыруға сеп болатынын атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

