Андас батыр ауылдық мешітінің жамағатына «Ислам ғибадаты» кітабынан дәріс өткізілді.
Белгілі ағартушы, ғалым Ахмад Һади Мақсудидің (1868 - 1941) «Ғибадат исламия» кітабы Ресей, Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары арасында кеңінен таралып, ұзақ жылдар бойы медреселерімізде оқытылып келген. «Ислам ғибадаты (Ғибадат исламия)» кітабы алғаш рет татар тілінде басылып, кейіннен түркі-шағатай тілінде Ташкент баспаханасынан шыққан. Бес бөлімнен тұратын бұл кітапта иман, тазалық, намаз, жамағат, ораза, зекет және қажылық мәселелері сұрақ-жауап түрінде баяндалады.
Алла Тағала баршамызды намазды ықыласпен оқитын, ғибадатты сүйетін құлдарынан етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

