Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) былай дейді: «Мен сіздерге көпшілікпен бірге болуды өсиет етемін. Бөлінуден аулақ болыңыздар...».
Осы өсиетке сүйене отырып, қоғам ішінде туындауы мүмкін бүлік пен алауыздықтың алдын алу – әрбір мұсылманның міндеті. Құран мен хадис те бізді бірлік пен татулыққа шақырады. Қоғамның ынтымағы мен бірлігі үшін өз нәпсісін тежеп, сабыр мен кешірім таныту – иманның кемелдігінен.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы жамағатпен ақ дастарқан басында кездесіп, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмірінен ғибратты насихаттар айтып, пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ жиналған жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріп, діни тұрғыдан түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алла Тағала баршамызды тура жолдан таймаған, шынайы Жаратушысын таныған тақуа ұрпақтан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

