Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол – көмекті қажет етушілерге сүйіспеншілік пен қамқорлық танытып, қол ұшын беру. Қайырымдылық жасау үшін бай немесе дәулетті болу шарт емес, ең бастысы – мейірімді жүрек пен таза ниет.
Қордай ауданы, Кенен ауылының «Кенен» мешіті имамы Саят Құрманғалиұлының ұйымдастыруымен мұқтаж тұрғындарға «Харекет» қорының атынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Шара аясында бес отбасына әрқайсысына бір тонна көмірден таратылды. Жомарт жандарымыз көп болып, мұқтаж жандар азайсын! Алла Тағала сауаптан жазсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

