Құранды оқу былай тұрсын, оны қолға ұстап, бетіне қарап отырудың өзі – сауап. Өйткені ол жай бір адамның емес, барша болмысты «Бол!» деген бір ғана пәрменімен жаратқан ұлы Жаратушымыздың сөзі. Құранды түсіну – әр адамның ақысы, ал оны дұрыс біліп-үйренгендер түсіндіруге міндетті.
Қасиетті Құранды дұрыс түсініп, білу – бүгінгі қазақ жұртының өзекті істерінің бірі. Осы мақсатта аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, ұстаз Жанұзақ Рысбекұлының бастамасымен жамағатқа арналған «Құран тәпсірі» дәрістері басталды. Алла Тағала бәрімізді Құранды түсініп, оның үкімдерімен амал етуші құлдарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

