Қыс маусымының таяп қалуына байланысты Мойынқұм ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетілуде. Ауданның бір топ белсенді кәсіпкерлері мен еріктілері өз бастамасымен 10 тонна «Шұбаркөл» көмірін сатып алып, тұрмысы төмен, көпбалалы және жалғызбасты қарттарға тегін таратты.
Игі іс - шараны ұйымдастыруға аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығы атсалысты. Көмір таратудың басты мақсаты - әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды алдағы жылыту маусымына дайындап, оларға материалдық көмек көрсетті.
Таратылған көмір аудан орталығы мен ауылдық округтердегі алдын ала анықталған 20-дан астам мұқтаж отбасына жеткізіліп берілді. Әр үйге шамамен 500 келіден көмір үлестірілді. Тұрғындарға көмірді жеткізу жұмыстарына еріктілер мен ауыл жастарынан құралған арнайы топтар жұмылдырылды.
Ал көмек алған тұрғындар кәсіпкерлер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, олардың еңбегіне сәттілік тіледі.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, дәл уақытында көрсетілген бұл көмек біз үшін үлкен демеу болды. Осындай жанашыр жандар көбейе берсін», - деді тұрғындардың бірі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

