Шу ауданының “Бірлікүстем” мешітінде әйелдер жамағатына арналған ерекше рухани кездесу өтті. Мешіт ұстазы Жанұзақ Зейне «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында әсерлі уағыз жүргізіп, білімнің адам өміріндегі маңыздылығын терең түсіндірді.
Уағыз барысында ұстаз білімнің адамды кемелдікке жетелейтінін, білімсіз иманның толық болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, әйел-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен олардың білім арқылы қоғамға тигізер ықпалы жайлы ой қозғады.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

