Шу ауданының ауыл әкімшілігінде тұрғындарының қатысуымен маңызды жиын өтті. Басқосуды “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы жүргізіп, кездесу барысында кері діни ағымдардан сақтану, сондай-ақ дін мен ұлттық дәстүр құндылықтарын дәріптеу мәселелері сөз болды.
Білікті дін маманы қатысушыларға жат ағымдардың қоғам мен отбасылық бірлікке тигізер зиянын түсіндіріп, ата-баба салты мен ислам дінінің өзара үйлесімділігін мысалдармен жеткізді.
Жиналыс барысында жамағат өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Мұндай кездесулердің мақсаты – ел арасында сана мен сенімнің тазалығын сақтау, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту болып табылады.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

