Меркі: Мешіт имамы салт-дәстүрден сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды

Меркі: Мешіт имамы салт-дәстүрден сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқыстақ ауыл «Әл-Карим»  мешітінің имамы Алпысбаев Есбол жамағат арасында «Салт-дәстүр және дін» тақырыбында сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты – халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттау, жамағаттың ұлттық салт-дәстүр мен ислам дінінің өзара байланысын  тереңірек түсінуіне ықпал ету болды. 

Ойын барысында қатысушыларға дәстүр мен дінге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары, кітаптар табысталды. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: