«Рақымбай ата» мешіт жамағатының қолдауымен және жергілікті тұрғындардың атсалысуымен екі отбасыға газ құбыры тартылып берілуде. Бұл игі іс – қоғамда қайырымдылық пен өзара көмектің жанданып келе жатқанын көрсетеді.
Мешіт имамы аталған отбасы мүшелеріне жылулық пен тұрмыстық қолайлылық сыйлаған жамағатқа алғыс айтып, қайырымдылық жасаудың сауапты іс екенін атап өтті.
Бір мұсылманның мұқтажын өтеу – үлкен сауап. Алла разылығы үшін жасалған әрбір жақсылық қоғамдағы бірлікті күшейтеді. Көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын білдіріп, осындай игі істі ұйымдастырған барша жамағатқа алғыстарын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

