Меркі: Бір отбасыға көмек көрсетілді

Меркі: Бір отбасыға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла мен  жамағатының ұйытқы болуымен үйі өртеніп, қиын жағдайға тап болған отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға демеу болып, қоғамда ізгілік пен мейірімділік қағидатын нығайту.

Мешіт имамы көмек көрсетудің – мұсылмандық парыз әрі адамгершіліктің көрінісі екенін атап өтіп, жамағатқа бірліктің және өзара қолдаудың маңызын жеткізді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман бауырыңа көмектесу жайында былай деген: «Парыздан кейінгі ең құнды амал – мұсылманды қуанту». «Алла дәргейінде ең құнды амал – мұсылманның қарызын төлеу немесе қиыншылығына көмектесу арқылы оны қуанту». «Мұсылманның қиыншылығына көмектесіп, оны қуантқан адамды Аллаһу та'ала қияметте ең қиын сәттерде қиыншылықтардан құтқарады».

Отбасы мешіт имамы мен жамағатқа ризашылықтарын білдіріп, Алла разылығын тіледі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: