Меркі: Мешіт мұнарасы бой көтерді

Меркі: Мешіт мұнарасы бой көтерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла және ауыл тұрғындарының ортақ ниетімен мешіттің жаңа мұнарасы бой көтерді.

Мұнара құрылысы біраз уақыт бұрын басталып, жамағаттың қолдауымен өз мәресіне жетті. Әркім өз мүмкіндігіне қарай құрылыс жұмыстарына үлес қосып, сауапты іске себепкер болды. 

Мешіт имамы өз сөзінде: «Мешіт мұнарасының көтерілуі – тек ғимараттың сәні емес, ол – иманның, бірліктің және рухани жаңғырудың нышаны. Бұл бастама ауылымыздың рухани өмірінде игі із қалдырады», — деді. 

Жаңа мұнара мешіттің келбетін ажарландырып қана қоймай, жамағаттың жүрегінде қуаныш сезімін ұялатты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: