"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жамағатқа ысырапшылдықтың зияны мен оның Исламдағы орны туралы насихат жасады.
Имам, ысырапшылдықтың адамзатқа ғана емес, қоғамға да теріс әсерін тигізетінін айтып, оның алдын алу үшін ақылға қонымды өмір сүру және қажеттіліктерді қанағаттандырудың маңыздылығын атап өтті.
Ысырапшылдықтың дінімізде Ұлы Жаратушыға ұнамсыз іс екеніне назар аудартып, жамағатты қарапайымдылық пен үнемшілдікке шақырды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


25 Қазан 2025
3 Джумада-авваль 1447

