Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев Айшабибі ауылы, "Айшабибі" мешітінде жамағатқа "Дін мен дәстүр байланысы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Имам өз сөзінде: "Дәстүріміздің әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпауының бір себебі, ол дінмен ұштасуында. Дінге қарап бой түзеп, дәстүрімен сусындап, тарихынан өнеге алған әрбір қазақ, Абай атамыз айтқандай "Пенде мақсаты –Адам болу" деген сияқты өз мақсатымызға жетер ма едік, кім біледі?!
Қазір кезеңде ұлт пен халық рухани қолдауға мұқтаж. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек" деп атап өтті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


25 Қазан 2025
3 Джумада-авваль 1447

