Талас: "Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы" атты іс-шара өтті

Талас: "Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы" атты іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қазан айының 16-сы күні "Төртбай ата" мешітінің имамы Түзелбаев Зұлфухар және мәдениет үйінің ұжымы ұйымдастыруымен 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен "Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы" тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Мәдениет үйінің әдіскері Сағыныш өз баяндамасында қазіргі таңдағы экстремизмнің қоғамға тигізіп жатқан зардаптары мен қауіптері туралы кеңінен айтып, жан-жақты түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде сөз алған "Төртбай ата" мешітінің имамы Түзелбаев Зұлфухар қазіргі кезде діни сауатсыздықтың салдарынан жастардың жат ағымдардың ықпалына түсіп, олардың жетегінде кетіп жатқанын айтып, экстремистік ағымдардан сақтану жолдарын жан-жақты түсіндіріп берді. Сондай-ақ, ол жастарға ата-ананың берген тәрбиесін бойға сіңіріп, олардың сенімін ақтау – әрбір жастың басты мақсаты болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Шара жоғары деңгейде өтті.

"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: