Меркі ауданы: Мәуліт жыры оқылды

Меркі ауданы: Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында Мәуліт күніне орай ақ дастархан жайылды.

Жиын барысында «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан Алла Тағалаға мадақ, Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, Мәуліт жырын оқып, артынан дұға жасалды.

Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбарымыздың (Оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам - Мәуліт мерекесі жыл сайын елімізде кеңінен аталып өтіледі.

Дастархан басында ауданға қарасты мешіт имамдары Мәуліттің шығу тарихынан бастап, пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі, көркем мінезі жайлы тағылымды әңгімелер, имандылық, дінаралық татулық пен бірлік туралы уағыз айтты.

Жиын соңында, ауыл ақсақалдары келген имам-молдаларға, қонақтарға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Соңынан еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасалып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: